Келе жатқам ойға батып таныс емес көшеде,
Жетіп келіп қолымды ұстап алды бір кезде.
Жалт қарадым кім екенін көрейін деп жүзіне,
Қарап тұрмын көз алмаймын қалай өзі мүмкін бе?
Жайнап тұрған көзіменен шашып тұрды маған нұр,
«Жаным саған не болды осы» – дейді маған кеттік жүр.
Құшағыма еніп кетіп, құлағыма сыбырлап:
«Кішкентайды ал қолыңа, қарашы саған сұранып тұр».
Түсінбей мен бұл сөздерге төмен дағы қарадым,
Кішкентай қыз қолын созып дейді маған: «Әкешім».
Жаңа сезім еніп кетіп қуаныштан қолға алдым,
Міне енді ғана білдім мен арманыма жеттім.
Құшағымда ұстай алмадым бұл арманды менде көп,
Ояндым мен төсегімде жанымды өтті тесіп оқ.
Түс екенін білгенімен сенгім келмей мен тұрмын,
Мұңға толып тұла бойым, өртеніп кеттім, шоқ болдым.
Сол бір сәтте тоқтап қалды, бүкіл өмірім біткен.
Көл боп ақты көздің жасы бір жоқшылық сезгеннен.
Әй махаббат өтінемін қинамай-ақ айтшы маған,
Қандай пайда тиді саған жігіт жасын көргеннен?
Қайта қайта көз жұмамын, енгім келіп сол түске,
Жүрек шаншып, қинайлады енгізді бір мың күйге.
Жіберіңдер тізелейін алдарыңда бас иіп,
Кетейін мен арман түске оянбастан мәңгілік.
Ерман Санжар