Көбісінің бір айтатын сөздері бар:
«Саған көңілі жоқ жанға қанша ұмтылсаңда,
Қарамайды қанша қадам жасасаңда,
Сүйгенді сүй, ең болмаса сені сыйлайды»
-Шын сүйіп көрмегеннің айта салғаныда.
Дегенімен шындығы бар бұл сөздердің,
Орнына өзіңді қой, сонда бәлкім көресің.
Сен үшін көз жастарын төккен жандардың,
Құны жоқ екенін сонда білесің.
Ал делік, көнеді ол сөздеріңе,
Кіріп келеді сенің мына өміріңе.
Уақыт өтіп, ашылмаса саған сезімі,
Мұңға толады тұла бойы білесің бе?
Сол мұңды оның көзінен көресің,
Сонда сен өзіңді жек көріп кетесің.
Олда, сенде бір қайғыны кеше алмай,
Амал қанша, сүйгеніңді жібересің.
Сүйгенді ұмыту, жіберу ол жай сөз ғана,
Кімді алдаймыз, бұл сөздерді айта сала.
Қырсығамыз, мінезімізді көрсетеміз,
Айтыңдаршы одан тиеді кімге пайда?
Махаббаттан ғадауатқа бір-ақ қадам,
Опат болды бұл жолдан қанша адам.
Бір-біріне қырсығып, ауыр айтып,
Болмаймыз енді бірге дейді қайтып.
Қастерлеңдер өзара махабатты, құрметтеңдер,
Құшаққа алып, сүйгеніңді жібермеңдер.
Махаббат ол бәріне берілген ұлы сезім,
Бұл енді менің өзімнің ой-пікірім.
Ерман Санжар